Жариялаған: 14.12.2022
KASE тізімінен «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ акцияларының делистингі туралы

KASE тізімінен «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ акцияларының делистингі туралы

«Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ акционерлері жалпы жиналысының «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ акцияларын Қазақстандық қор биржасының (KASE) тізімінен ерікті түрде делистингтеу туралы қабылдаған шешімі туралы хабарлайды.

14 желтоқсан 2022 ж. «Халық» сақтандыру компаниясы» Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» АҚ (бұдан әрі – «Компания») «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 36-бабы 1-тармағының 9-1 тармақшасына сәйкес Компания акционерлерінің жалпы жиналысы «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ акцияларын Қазақстандық қор биржасы (KASE) тізімінен ерікті түрде делистингтеу туралы қабылдаған шешім жөнінде хабарлайды.

Делистинг туралы шешім Компанияның акциялары ашық биржалық нарықтағы сауда мәмілелеріне қатыспайтындығына байланысты қабылданды. Компания «Халық» тобының бөлігі болып табылады, акциялардың 99%-дан астамы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа тиесілі. Қазіргі жағдайда бұл қадам Компания шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Компания өз қызметі туралы қаржылық және операциялық есептерді жариялауды жалғастыра отырып, транспарентті болып қала береді. Компания қызметінің ашықтығы мен шынайылығы қағидаттарын мүлтіксіз сақтау біздің акционерлерімізге, клиенттерімізге және серіктестерімізге әрі қарай табысты іскерлік ынтымақтастық үшін негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.


«Халық» сақтандыру компаниясы Halyk Group Қазақстан Халық банкінің Қазақстандағы ең ірі әмбебап қаржы тобына кіреді. Қазақстанның сақтандыру нарығында 25 жылдан астам жұмыс істейді. 01.11.2022 жылғы жағдай бойынша жалпы сыйлықақылар жинау бойынша екінші орында тұрған жалпы сақтандырудың ішкі нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады.