Сақтандыру шарты апат, қирау, дүлей апаттар, өрт, жарылыс, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері салдарынан туындайтын залалдан теміржол көлігін сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді.
Халық сақтандыру компаниясы сақтандыруға теміржол көлігінің мына түрлерін алады:
1) тартқыш жылжымалы құрам (локомотивтер);
2) моторлы-вагонды жылжымалы құрам;
3) жүк және жолаушылар вагон құрамы;
4) арнайы тағайындамасы бар вагондар.
Сақтандыру шарты бойынша төменде көрсетілген оқиғалардың біреуінің немесе бірнешеуінің басталуы салдарынан сақтандырылған теміржол көлігінің құртылуы (опат болуы), зақымдалуынан келтірілген залал өтеледі:
1) апат, күйреу, соқтығыс;
2) үңгіртаулардың құлауы, көпірлердің қирауы, сымдардың үзілуі, тіректердің құлауы;
3) өрт, жарылыс, найзағайдың соғуы;
4) дүлей апаттар: жердің сілкінуі, боран, дауыл, су тасқыны, сел, қара құйын, көшкін, таудың опырылуы, бұршақ, қар көшкіні, қардың басуы және т.б.;
5) үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері.
797 нөміріне қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан тегін) немесе сұраныс қалдырыңыз
Сақтандыру өтінішін толтыру
Өзіңізге ыңғайлы түрде төлеңіз
Сақтандыру төлемі Сақтанушыға (Сақтандырылушыға, Пайда алушыға) сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан келтірілген нақты залал мөлшерінде, алайда, сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан артық емес көлемде жүзеге асырылады.
24/7 қолдау
Икемді тарифтер мен шарттар
Траншпен төлеу мүмкіндігі