Жариялаған: 27.01.2022
AM Best агенттігі «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ үшін ұзақ мерзімді кредит бойынша рейтингін жоғарылатты

2021 жылғы 19 желтоқсанда AM Best халықаралық агенттігі «Халық» сақтандыру компаниясы»» АҚ-тың негативті болжамын тұрақтыға өзгертті және қаржылық тұрақтылығы рейтингін B++ деңгейінде және эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады.
Болжамды тұрақтыға өзгерту AM Best агенттігі бағаланындай Компания балансы тұрақтылығының артқандығын көрсетеді. Рейтинг агенттігінің сарапшылары сонымен қатар Halyk тобы басшылығының іріктеу жүйесін жетілдірумен және тәуекелдерді бағалаумен нығайтылған, операциялық көрсеткіштері жоғары, бизнес профилі шектеулі және «Халық» сақтандыру компаниясы тәуекелдерін сауатты басқару тиімді әрекеттерін атап өтті.

«Халық» сақтандыру компаниясы балансының тұрақтылығы Best (BCAR) капитал жеткіліктілігінің коэффициентімен және өтімділігі жақсы консервативті инвестициялық қоржынмен өлшенетін ең жоғарғы деңгейде тәуекелге жасалған түзетумен сақталады.

Болжамның артуына тоқтала отырып, «Халық» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Ерлан Камбетбаев мынаны атап өтті: «Бұл факт кез келген сақтандыру компаниясының қызметін дамытудағы маңызды сәт болып табылады. Беделді AM Best халықаралық рейтингінің біздің жұмысымызды барынша жоғары бағалағанына қуаныштымыз. Бүгінде тұтынушылардың көпшілігі сақтандыру өнімін сатып алардан бұрын сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығын және беделін тексеру үшін AM Best кредиттік рейтингілеріне жүгінетіні хақ. Біздің клиенттеріміз, қаржы мамандары және инвесторлар тиімді және негізделген шешімдер қабылдау үшін осы ақпаратты пайдалануларына болады».

AM Best – қызметі әлемнің сақтандыру саласына және сақтандыру компанияларының кредит мүмкіншілігін бағалауға ғана жұмылдырылған бірден-бір халықаралық рейтинг агенттігі. AM Best сақтандыру компанияларының талаптарды өтеу және өздерінің қаржылық міндеттерін орындау мүмкіндіктерін бағалау үшін сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіштерді де пайдаланды.

«Халық» сақтандыру компаниясы Қазақстан нарығында 25 жылдан бері жұмыс істейді және заңды және жеке тұлғалардың барлық санаттары бойынша сақтандыру қызметтерінің толық спектрін ұсынады. Жалпы сақтандырудың ішкі нарығындағы көшбасылардың бірі, 2021 жылдың қорытындылары бойынша брутто сыйлықақыларды жинау жөнінде екінші орынды алады. Қазақстандағы ең ірі қаржы тобына - «Halyk Group» кіреді.