Жариялаған: 18.11.2022
Сақтандыру есептерін онлайн алу мүмкіндігі


«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ ресми интернет ресурсында https://id.mkb.kz/ жеке және корпоративтік кредиттік есептерді, сондай-ақ ҚР азаматтары үшін сақтандыру есептерін алу бойынша қызмет іске асырылды. Бұл функционал кредиттік тарих дерекқоры мен бірыңғай сақтандыру дерекқоры субъектілеріне кредиттік және сақтандыру есептерін цифрлық форматта алуға мүмкіндік береді.
Дербес кредиттік есептер және сақтандыру есептері бойынша ақпарат онлайн режимінде тегін ұсынылады. Заңды тұлғалар үшін корпоративтік кредиттік есептер бір күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін негізде қолжетімді болады, қайталама және кейінгі сұрау салулар кезінде 400,00 теңге (ҚҚС-ты ескере отырып) мөлшерінде ақы алынатын болады.