Жариялаған: 30.05.2023
Сақтандыру кубогындағы жеңіс


27 мамырда он төрт сақтандыру компаниясы арасында өткізілген "Insurance Cup" шағын футбол турнирінде біздің футболшылар командасы сенімді түрде III орынды, ал чирлидерлер командасы чирлидерлер арасындағы байқауда II орынды иеленгені туралы жаңалықпен бөліскіміз келеді.


Біздің қақпашымыз Нариманның жетістігін ерекше атап өткіміз келеді, ол өзінің кәсібилігі мен қақпаны қорғауға деген ұмтылысын көрсетіп, "Үздік қақпашы"жүлдесіне ие болды. Сіздердің әрқайсыларыңызға шын жүректен таңданамыз және жеңіске деген ерік-жігеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Тек алға!