Жариялаған: 12.05.2023
ПЕШТІҢ АСТЫНДАҒЫ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ: ТҰРМЫСТЫҚ ӨРТТЕН ӨЗІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ


Соңғы жылдары Қазақстанда тұрмыстық өрттер саны артты. Көп жағдайда бұл, әрине, жылыту маусымы кезінде орын алады - өрттің ең көп тараған себептері ретінде мамандар пештер мен электр жабдықтарының дұрыс орнатылмағанын және олардың жұмыс істемейтінін (кейде тіпті ақаулы немесе қолдан жасалған), сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағанын атап өтеді. Бұл ретте, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны ел бойынша орташа көрсеткіштен бірнеше есе көп.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрақты негізде профилактикалық рейдтер жүргізіп, азаматтардан өрттен қорғау және өзін және басқа адамдардың мүлкін сақтау үшін шаралар қабылдауды сұрағанына қарамастан, ТЖД мамандары азаматтардың немқұрайлылығына алаңдайды: әрбір екінші тұрғын үйде өрттің туындау қаупі бар келеңсіздіктер бар. Деректерге сәйкес, өрттердің негізгі саны жеке секторда орын алады – тұрғын үйлер, аула ғимараттары, сарайлар мен моншалар өртенеді, адамдардың түтін мен өрттен қайтыс болуы мен жарақаттануы 10 жағдайдың 9-нда тіркелген.


Семей қаласының зардап шеккен тұрғындарының бірі айтқандай, бірнеше сағат ішінде үйінен, моншасынан, сарайынан, барлық жеке заттарынан айырылып, ал өзі кездейсоқ тірі қалған: сақтандыруды рәсімдегені жөн боды, алайда, оның пайдалы болатынына ақырына дейін сенбеген болатын. «Сол түні, үстіміздегі жылдың 15 қаңтарында, отбасымызбен моншада жуынып, ұйықыға жаттық, белгісіз себептерден пеш тұтаннды. Өрт жиһазға, қабырғаларға, төбеге және одан әрі үйге өте тез таралды. Басталған өртті өз бетімізше сөндіру мүмкін болмады - өрт сөндірушілерді күтіп тұрған кезде, маңдай терімізбен алынған мүліктің қалай жанып жатқанын көруге тура келді. Үйден уақытында шығып, тірі қалу бақыты бұйырды. Сақтандыру бойынша біз 2 миллион теңге алдық, бұл толықтай қалпына келтіруге жеткілікті, өйткені, өкінішке орай, біздің өз қаражатымыз жоқ", - деп еске алады отбасының әкесі Дмитрий Л.



«Көптеген адамдар бүкіл үйдегі электр сымдарының жай-күйіне назар аудармаса да, өз мүлкін сақтандыруды артық ақша жұмсау деп санайды. Көптеген жанғыш заттармен толтырылған көршілердің пәтерлері мен үйлері туралы айту керек пе? Әрқашан бізбен ондай жағдай болмайды деп сенгің келеді, алайда, полистің орташа құны жылына 10 мың теңгеге жуық екенін ескере отырып, сақтандыру зардап шеккен мүліктің едәуір бөлігін қалпына келтіруге көмектесетін сәтіне дайын болған дұрыс», – деп ой бөлісті «Халық» сақтандыру компаниясының залалдарды реттеу департаментінің директоры Павел Светаносов.