Жариялаған: 11.01.2023
Халық СК сайты қазақ тілін қолдану бойынша IV орынды иеленді.


Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ-пен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы тіл жағдайына талдау және мониторинг жүргізді.


105 ресми сайт қамтылды, оның ішінде 20 жеке жергілікті атқарушы органдар басқармасы, 12 полиция департаменті, 32 ұлттық компания мен авиакомпания, 14 екінші деңгейлі банк, 17 әуежай, 10 қоғамдық тұтыну қызметі.


Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша «Халық» сақтандыру компаниясы тұтынушылық қызмет көрсететін компаниялар арасында интернет-ресурстар сайтында қазақ тілін қолдану бойынша IV орынға ие болды!