Халық сақтандыру компаниясының КАСКО сақтандыру полисі кәсіпорынның көлік құралдарын апаттар, дүлей апаттар, өрт, жарылыс, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері және көлік құралын айдап әкету/ұрлау салдарынан болатын залалдан сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді.
Халық сақтандыру компаниясының автосақтандыру саласындағы қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі – корпоративтік автопарктерді сақтандыру. Біздің клиенттеріміз көлік құрлдарын пайдалану кезінде туындайтын тәуекелдерді өздері таңдап, сақтандыру алады.
Сақтандыру нұсқалары (бір немесе бірнеше тәуекелді таңдауға болады):
1) жоғалту (айдап әкету, ұрлау),
2) төмендегілер салдарынан зақымдау және/немесе құрту (толық опат болу):
-ЖКО;
-тұрғын алабының аулаларында және кәсіпорындардың, автотұрақтың, жанармай құю бекеттерінің аумағында және оған кіруге тыйым салынған орындардан басқа алаңдарда орын алған көлік оқиғалары;
-өрт, сыртқы әсердің салдарынан болған жарылыс;
-дүлей апаттар – жердің сілкінуі, опырылу, көшкін, топырақтың отыруы, сел, найзағай, су тасқыны, боран, дауыл, нөсер, бұршақ;
-кез келген сыртқы механикалық әсер (жаппа темірдің, төбедегі қардың немесе мұздың, бағананың, ағаштың құлауы, көлік доңғалақтарының астынан қиыршық тастардың, тастардың және басқа қатты заттардың ұшып шығуы және т.б.);
-малдардың әрекеттері;
-айдап әкету салдарынан КҚ зақымдауды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері (ұрлықты қоспағанда);
-төңкерілу, құлау, су басу, мұздың астына құлау, жол төсемінің астына құлау;
-су құбыры, канализация, жылыту немесе өртке қарсы желідегі апаттардың салдары болған судың зақымдауы;
-қозғалмайтын немесе қозғалыстағы заттарға (ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, малдар, ағаштар) соқтығысу, егер ол соқтығысу үшінші тұлғалар кез келген КҚ қозғалысын шектеу және/немесе толықтай тоқтату үшін арнайы қондырған кедергімен/қоршаумен болса.
Қосымша сақтандыру шартына бүйірдегі айналарды, дөңгелектерді (КҚ ұрлаудан бөлек) ұрлау тәуекелі енгізілуі мүмкін.
797 нөміріне қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан тегін) немесе сұраныс қалдырыңыз
Тіркеу үшін құжаттарды менеджерге жіберіңіз
Өзіңізге ыңғайлы түрде төлеңіз
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері көлік құралының түріне (үлгісіне), оны пайдалану аумағына, талаптарына және мерзіміне, сақтандыру тәуекелдерінің жиынтығына, Сақтандыру шартының қоданыс мерзіміне және т.б. тәуелді.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушыдан барлық керекті құжаттарды алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
24/7 қолдау
Икемді тарифтер мен шарттар
Жол-көлік оқиғасы кезіндегі кінәға қарамай залалдың орнын толтыру