Halyk сақтандыру компаниясының мамандары жаңа автокөлікті ең жақсы шарттармен қалай сақтандыру керек екенін айтып берді.
Қазіргі заманда жаңа автокөлік сатып алу – әр адам үшін үлкен оқиға. Сатып алынған көлік оның мәртебесімен ғана емес, қосалқы бөлшектерінің сапасымен, жолдардағы қатерден қорғана алу маңызымен ерекшеленеді. Осы ретте автокөлікті сақтандыру өзгеше, тіпті аса маңызды қадам болып саналады.
Қазақстанда жеке көлікті сақтандырудың екі түрі бар. Біріншісі – шарттары аз, тек зақымдалған автокөлікті жөндеуге кеткен шығынды өтейтін міндетті "сақтандыру" (OГПO). Мұндайда көлігіңіз басқа көлікті соқса, онда OГПO келісімі бойынша сақтандыру компаниясы өтемақыны тек екінші зақымдалған көлікке төлейді. Жол апатынан кейін көлігіңіздің жағдайын өзіңіз реттеуіңізге тура келеді.
Сақтандыру мәдениеті мен қаржы сауатынан хабардар тәжірибелі автокөлік жүргізушілері міндетті сақтандырумен шектелмейді. Олар автокөлікті сақтандырудың екінші түрін – КАСКО-ны алуға ұмтылады. Ал КАСКО көбірек қызмет пен қолайлы жағдайлар ұсынады. Мысалы, сіздің кінәңізден апат болғанда сақтандырудың бұл түрі сіздің көлігіңіздің де жөндеуін өтейді.
Halyk сақтандыру компаниясы автокөлік жүргізушілерінің қажетін өтей отырып, құжат тапсырудан бастап мақұлдауға дейінгі барлық процесті цифрландырды. Соның арқасында КАСКО сақтандыру полисін ұсынуды жеңілдетті. КАСКО Standart онлайн сақтандыру қызметі енді 3 минут қана уақыт алады. Осы уақытта сақтандыру сыйлықақысының есебін алып, көлікті бейнебақылаудан өткізіп, онлайн келісімшартқа қол қойып үлгеріп, сапарды алаңдамай бастап кете аласыз.
Halyk сақтандыру компаниясының мамандары барлық автокөлік жүргізушіcі үшін КАСКО-ның бірнеше негізгі артықшылығын атап өтті:
Осы ретте Halyk сақтандыру компаниясының өкілдері КАСКО сақтандыру аясында өз клиенттеріне ерекше қолайлы шарттар ұсынады:
Әрине, көлігіңіздің қауіпсіздігі мен тұтастығы көбіне өзіңіздің жүргізу дағдыңыз бен Қазақстан жолдарындағы тәжірибеңізге байланысты. Дегенмен ешқайсымыз қай сәтте не болатынын нақты білмейміз. Табиғи апат бола ма әлде жолдар сапасыз ба, белгісіз. Қауіп-қатердің түр-түрінен қорғану үшін әр жүргізушінің жол апаты кезінде көмектесетін сақтандыруы болуы керек. Мұндай сақтандыруды Halyk Сақтандыру компаниясы бірегей шарттары мен көп қызметі бар тиімді және сенімді онлайн КАСКО сақтандыруымен бірге ұсынады.
Автоәуесқойларға Halyk сақтандыру компаниясынан маңызды жадынама! Көлікті сақтандыратындай оқиға болған жағдайда не істеу керек: