Жариялаған: 28.08.2024
Саяхат кезінде медициналық сақтандыру не үшін қажет: Stan.kz тілшісінен кеңестер

Көптен күткен демалысыңыздың ойдағыдай болғанын қаласаңыз, оны жоспарлау барысында мұқият болған абзал. Әсіресе, шетелге шықпас бұрын денсаулығыңызды сақтандыру маңызды. Мысалы, Шенген визасын, сондай-ақ бірқатар басқа елдердің визаларын алу кезінде сақтандыру болуы міндетті. Бүгін сіздерге саяхат барысында сақтандыру полисін жасату қаншалықты маңызды және сақтандырудың қандай шығындарды қамтитынын айтып бермекпіз. Stan.kz тілшісі шетелге сапарға шықпас бұрын Halyk сақтандыру компаниясы ұсынған туристік сақтандыруды рәсімдеген. Журналист өз тәжірибесі негізінде туристік сақтандыруды қолданудың ерекшеліктерін айтып берді. Туристік сақтандыру негізінен ауруханаға қаралу, амбулаториялық емдеу, шұғыл стоматологиялық көмек, оқиға орнынан медициналық мекемеге тасымалдау, тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастыру шығындарын қамтиды. Қосымша пакеттерді таңдау арқылы қызмет қатарын көбейте аласыз.

Halyk сақтандыру компаниясы шетелге шығатын туристерді сақтандыру бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Сақтандыруды 0 жастан 74 жасқа дейінгі тұлғалар жасата алады. Полис жеке кабинетте үнемі қолжетімді болады. Компания сақтандырудың бес түрлі тарифін ұсынады.

Сақтандыру тарифтері:

Алғашқысы "Standard-travel” тарифі. Бұл тариф туристің шетелде емделуіне және госпитализациялауға мүмкіндік береді. Дене қызуыңыз көтеріліп, ойламаған жерден ауырып қалсаңыз, вирус жұқтырып алсаңыз немесе басқа да медициналық көмек қажет болған жағдайда сақтандыруыңызды қолдана аласыз.

Екіншісі "Best-travel” тарифі. Отбасылы адамдар үшін ең қолайлы тариф. Сақтандырудың бұл түрі барлық шығындарды өтейді. Сонымен қатар "Best-travel” тарифін алған болсаңыз оқыс жағдайда балаларды, жақын адамдарды эвакуациялау мүмкіндігін қарастырған. Алайда бұл тариф спортпен айналысу барысында алған жарақаттарды қамтымайды.

"Multi-travel” пакеті де қарастырылған. Бұл тариф шетелге іссапарға жиі шығатын саяхатшыларға арналған. Ең бастысы, сақтандырудың бұл түрін бірнеше іссапарыңызда пайдалансаңыз болады.

Егер спорттық шараға баратын болсаңыз, "Sport-travel” тарифін таңдағаныңыз дұрыс. Сақтандыру полисі спортпен айналысу кезінде алған жарақат шығындарын өтейді.

Туристердің басым бөлігі сақтандыру компаниясынан тариф алған кезде қателік жіберіп жатады. Стандартты келісім-шартқа сәйкес, белсенді спортпен айналысу кезінде алған жарақаттар сақтандыру жағдайы болып саналмайды, яғни компания емдеу шығындарын төлемейді. Шаңғымен сырғанау, серфинг немесе яхтамен жүруді жоспарласаңыз, бұл полисті сатып алу кезінде көрсетілуі керек.

Сонымен қатар спорттық сақтандыру экстремалды спорт түрлері ғана емес, тұрақты велосипед тебу, аквапаркке бару, суда жүзу, балық аулау және басқа да әдеттегі ойын-сауық түрлерінен алынған жарақаттардан сақтандыруды қамтиды.

Медициналық сақтандыруды қалай рәсімдейміз?

Сақтандыру бағасы баратын мемлекетіңіз бен шетелде болу уақытыңызға байланысты өзгереді. Ең минималды төлем күніне 435 теңгеден басталады. Сақтандыру полисін 2 минут ішінде онлайн рәсімдей аласыз.

Туристік сақтандыру ашу үшін арнайы Skhalyk.kz сайтына кіріп, туристерді медициналық сақтандыру бөлімін басасыз. Сізге медициналық сақтандырудың төрт түрі ұсынылады.

Ең әуелі “Есептеу және рәсімдеу” тетігін басасыз. Артынша сақтандыру тарифін таңдайсыз. Мен "Standard-travel” тарифін таңдадым. Алдымен телефон номеріңізді жазасыз. Артынша көп реттік немесе бір жолдық сақтандыруды белгілейсіз. Бұл ақпараттар толтырылғаннан кейін 200-ден астам елдің ішінен баратын елді таңдай аласыз.

Мен Түркияны таңдадым. Бұл бағыт бойынша 10 мың, 15 мың және 20 мың долларға дейін денсаулығыңызды сақтандыра аласыз. Денсаулыққа байланысты шығындарды өтейтін 10 мың долларлық сақтандыруды таңдадым. Артынша Түркияға баратын және қайтатын күнді белгіледік. ЖСН номерімізді тіркедік. Жүйе автоматты түрде аты-жөнімізді шығарып берді.

Келесі қадам – жеке ақпараттарды толтыру. Шетелге шығатын паспорт номері, берілген күні және туған күніңіз бен мекенжай туралы ақпарат жазылуы шарт.

Егер тек өзіңіз емес, отбасыңыздың басқа да мүшелеріне сақтандыру алғыңыз келсе, турист қосу батырмасын басып, ақпараттарды енгізуге болады. Бір сақтандыру полисіне 5 сақтандырылушыға дейін қоса аласыз.

Ақпарат толық енгізілгеннен кейін, жүйе автоматты түрде сақтандыру бағасын есептеп берді. Біздің жағдайда Түркияда 5 күндік "Standard-travel" пакеті небәрі 1689.73 теңгеге есептелді. Сақтандыру бағасы сіз баратын ел мен сақтандыру күніне байланысты өзгеріп отырады.

Артынша өзіңізге қолайлы төлем жолын таңдап, сақтандыру полисін сатып аласыз. Электронды почтаңызға бірден полисіңіз жіберіледі.

Осылайша онлайн түрде бірнеше минуттың ішінде сақтандыру жасай аласыз.

Сақтандырудың артықшылықтары қандай?

Halyk туристік сақтандыруының бірқатар артықшылықтары бар. Алғашқысы визаны сақтандыру. Екіншісі үйден шықпай-ақ, сақтандыру полисінің ақысын онлайн төлеп оны электрондық пошта немесе жеке кабинеттен ала аласыз. Сонымен қатар әлемнің барлық елдерінде медициналық қызмет көрсету, саяхатта білікті көмек алу кепілдігі қарастырылған. Ең маңыздысы, сақтандыру құны ең төменгі тариф бойынша есептеледі.

Шетелде шұғыл медициналық көмек қажет болса не істеу керек?

Егер шетелде шұғыл медициналық көмек қажет болса, келесі қадамдарды орындау керек:

  • Сақтандыру полисіңізде (сертификатта) немесе жадынамада көрсетілген телефондар арқылы сервистік компанияға (ассистанс) қоңырау шалыңыз.

  • Сервистік компанияның операторына өзіңіздің аты-жөніңізді және тегіңізді хабарлаңыз.

  • Сақтандыру компаниясын көрсетіңіз.

  • Сервистік компания операторының барлық сұрақтарына жауап беріңіз.

Сервистік компания – ол сіздің сақтандыру полисіңізге сәйкес сақтандыру жағдайы орын алған кезде медициналық және басқа да қызметтерді ұйымдастырады.

Сақтандыру жағдайы орын алғаны туралы сервистік компанияны дер кезінде хабардар етіп, медициналық қызметтерді алу үшін келісім жасау қажет. Тек байланысқа шыққан кезде ғана сіз толығымен сақтандыруыңызды қолдана аласыз.

Егер шетелде сақтандыруыңыз бола тұра, медицинадық қызметке өзіңіз төлем жасаған болсаңыз, төлем соммасын қайтадан қайтарып алуға болады.

Алғашқы мүмкіндік болған кезде, бірақ медициналық көмекке жүгінгеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей, сервистік компанияға немесе сақтандыру компаниясына қоңырау шалып, сақтандыру жағдайы туралы хабарлаңыз.

Әр сақтандыру компаниясы өз тарифтері бойынша жұмыс істейді. Сондықтан тарифті қосу кезінде шарттарын мұқият оқып шығып сақтандыру жағдайларын дұрыс таңдау керек. Тіпті кейбір жағдайларды сақтандыру қамтымауы мүмкін.

Сақтандыру компаниясы қандай жағдайларда төлем жасамайды?

  • Созылмалы аурудың өршуіне немесе асқынуына байланысты медициналық көмекке жүгіну сақтандыру жағдайына жатпайды.

  • Сақтандыру компаниясы турист мас күйінде жарақат алса немесе мас күйінде жазатайым оқиға болса, сақтанушыға төлем жасаудан бас тартады.

  • Жүктілігі 8 аптадан асқан әйелге сапар кезінде медициналық сақтандыру қарастырылмаған.

  • Жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқарсаңыз немесе куәлігі жоқ адамға көлік жүргізу кезінде жарақаттарды емдеуге ақы төленбейді.

  • Ядролық жарылыс және радиоактивті ластану да сақтандыру жағдайы емес.

Бұл жағдайлардан басқа оқыс оқиғалар барысында сақтандыру қызметін қолдана аласыздар.

Туристік медициналық сақтандыру рәсімдеу арқылы саяхатыңыз бұрынғыдан қауіпсіз болатыны сөзсіз. Саяхат жоспарлау кезінде арнайы сақтандыру полисін рәсімдеуді ұмытпаңыз.


Stan.kz