АТ Архитектор
АТ Архитектор

Негізгі міндеттері:

  • Өнім құрылымын әзірлеу, бағдарламалау тілдерін анықтау, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу жоспарларын іске асырудың әдістемесі мен құралдарын таңдау, қажетті ақпараттық технологияларды таңдау, техникалық тапсырма жазу, деректерді сақтау және беру тәсілдерін тұжырымдау.
  • Ішкі және сыртқы интерфейстерді жобалау.
  • Тапсырыс берушімен келіссөздерге қатысу.
  • Жобалау құжаттарын зерттеу, талдау және жүйелеу.
  • Команданың барлық мүшелеріне тапсырма беру.
  • Жасалатын бағдарламалық өнімді тестілеу кезеңінде бақылау.
  • Өндірілетін IT-жобаның ішкі құрылымын пысықтау.
  • Жазылған бағдарламалық кодты бағалау.
  • Жобаны одан әрі дамыту үшін ағымдағы міндеттердің, мүмкіндіктер мен перспективалардың балама шешімдерін іздеу.
  • Жүйеде бар тәуекелдер мен қателіктердің пайда болу әлеуетін бағалау.


Дағдысы:

  • Жүктелген функционалдық жүйелердің құрылымын әзірлеу тәжірибесі.
  • Көлденең масштабталатын бағдарламалық өнімдерді жобалау тәжірибесі.
  • Құрылатын БҚ бағасы мен оны қарапайым және жедел енгізу мүмкіндігі арасындағы теңгерімді сақтау дағдылары.
  • Тапсырыс беруші тарапынан қойылған міндеттер мен талаптарға жауап беретін әзірлеуде қолданылатын ақпараттық әдістемелер мен технологиялық шешімдерді іріктеу тәжірибесі.
  • Жобаны іске асыруды үйлестіру дағдылары, өндірілетін бағдарламалық өнім құрылымының сақталуын бақылау.
  • Құрылған БҚ-ны бизнестің өзгерген немесе жаңартылған талаптарына бейімдеуге байланысты мәселелерді шешуге қатысу тәжірибесі.
  • Ақпараттық деректерді сақтау құрылымын құру тәжірибесі.
  • Қысқа мерзімде жұмыс істей білу, тайм-менеджментті сақтау.
  • Ағылшын тілінде техникалық әдебиеттерді оқи білу.
  • ТТ талдау тәжірибесі, командада және ТТ бойынша Тапсырыс берушімен қарым-қатынас жасау қабілеті.


Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі:

Опыт работы не менее 3-х лет на подобной позиции.

 

Білімі:

Жоғары математикалық / техникалық білім.

Жұмысқа өтініш беріңіз
Үлгіні жалғастыру
Түйіндемені және ілеспе хатты тіркегеніңізге көз жеткізіп, жіберу түймесін басыңыз.
Бөлім HR байланыстары