Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматттық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы»2003 жылғы 01 шілдедегі №446 –II ЗРК Заңына сәйкес барлық заңды тұлғалар жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты компанияның мүлiктiк мүддесiн сақтандыруы тиіс.
Сіз тек сенімді сақтандыру алып қана қоймай, Сіздің компанияңыздың ерекшелігін ескеретін тәсіл, сондай-ақ polisonline.kz сайтында ыңғайлы және жылдам есептеу және шартты электронды сақтандыру полисі нысанында ресімдеу мүмкіндігін аласыз.
www.polisonline.kz сайтына кіріп, «Міндетті сақтандыру» қойындысын нұқыңыз
ОГПО Авто өнімін таңдап, сақтандыру өтінішін толтырыңыз
Сақтандыру сыйлықақысын төлеңіз
Сақтандыру сомасы мынаны құрайды:
1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға алып келсе:
- қаза табуға – 2 000 АЕК*;
мүгедектiктiң:
- I тобы белгiленсе – 1 600 АЕК;
- II тобы белгiленсе – 1 200 АЕК;
- III тобы белгiленсе – 500 АЕК;
- мүгедек балаға – 1 000 АЕК;
- мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де зақымдануына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300 АЕК-тен аспауға;
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600 АЕК-тен көп емес;
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600 АЕК-тен көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
*1 АЕК 01.01.2021 жылы 2 917 теңгеге тең
24/7 қолдау
Жоғары төлем
Жазатайым оқиғаларды жедел төлеу