Қазақстан Республикасының «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес туроператор көшпелі туризм саласында туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай, туристік қызметтер көрсету бойынша қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, сондай-ақ егер турист ерікті сақтандыру шартын жасасқан болса, туроператор туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Сақтандыру компаниясы мына сақтандыру жағдайлары басталған кезде, туристің шығындарын өтейді:
1) сақтандыру аумағында орын алған, Сақтандырылушының қайтыс болуына не оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған жазатайым жағдай;
2) денсаулығына зиян келтірудің алдын алу немесе өміріне төнген қауіпті сейілту үшін Сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмес медициналық қызметті көрсетуді талап ететін, кенеттен болған жіті сырқат, денсаулығының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы сырқатының асқынуы.
Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әрбір Сақтандырылушы бойынша бөлек, жолда болу уақытын қоса алғанда, сапардың әр күні үшін есептеледі.
797 нөміріне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін) немесе kc@halyksk.kz мекен-жайына жазыңыз
Ынтымақтастық туралы келісім жасау
Жеке кабинеттің логині мен паролін www.polisonline.kz сайтынан алыңыз
Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әрбір Сақтандырылушы бойынша бөлек, жолда болу уақытын қоса алғанда, сапардың әр күні үшін есептеледі.
Сенімді көмек компаниясы
24/7 қолдау
Туроператордың полисін қашықтықтан тіркеу