Жариялаған: 12.02.2024
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Еуропротокол байланыс орталығы үшін қысқаша нөмірді іске қосты – 2570

Байланыс арналарын жеңілдету және ыңғайлылығын арттыру мақсатында СТКБҚ байланыс орталығымен байланысу үшін қысқаша нөмірді іске қосты. 2570 қысқаша нөміріне қоңырау шалу арқылы автокөлік иелері «Еуропротокол» - жол-көлік оқиғаларын оңайлатылған тіркеуге қатысты туындаған кез келген мәселелер бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ, Еуропротокол қызметін пайдаланушылар әлі де жалпы байланыс орталығының нөміріне қол жеткізе алады: 7 (727) 339 31 88.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа сақтандыру қызметі – Еуропротокол іске қосылды. «Еуропротокол» жол полициясын шақырмай-ақ жазатайым оқиғаны тіркеп, сақтандыру компаниясынан өтемақы алуға мүмкіндік береді. Оны пайдалану үшін App Store және Google Play-дан мобильді қосымшаны тегін жүктеп алуға болады. Ол арқылы жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент еместеріне де сақтандыру жағдайын тіркеуге болады. Еуропротокол туралы толығырақ ақпаратты "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" сайтынан алуға болады.